Иран: Агрессия шартсыз және толық тоқтамағанша, заңды қорғаныстың жалғасуы туралы қарар
https://itolqyn.com/news/iran-i82938-Иран_Агрессия_шартсыз_және_толық_тоқтамағанша_заңды_қорғаныстың_жалғасуы_туралы_қарар
ParsToday- ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылынан кейін БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңестің басшысына жолдаған хатында: «Иран агрессия шартсыз және толық тоқтамағанша, заңды қорғанысың жалғастырады»,- деп жазды. 
(last modified 2026-03-02T07:52:59+00:00 )
Нау 02, 2026 13:47 Asia/Almaty
  • Иран: Агрессия шартсыз және толық тоқтамағанша, заңды қорғаныстың жалғасуы туралы қарар

ParsToday- ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылынан кейін БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңестің басшысына жолдаған хатында: «Иран агрессия шартсыз және толық тоқтамағанша, заңды қорғанысың жалғастырады»,- деп жазды. 

ParsToday-дың IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауыныша, ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сенбі күні былай деді: «АҚШ пен сионистік режимнің әуе шабуылы БҰҰ Жарғысының 2-ші тармағының 4-ші бабын бұзу болып табылады және ИИР-на қарсы айқын қарулы шабуыл». 
ИИР Сыртқы істер министрі: «Иран бұл агрессияға жауап ретінде БҰҰ Жарғысының 51-ші бабына сәйкес заңды түрде өзін қорғайды»,- деп қосты.
Ол былай деп баса айтты: «ИИР қарулы күштері бұл шабуылға қарсы өзінің барлық қорғаныс мүмкіндіктерін пайдаланады».
ИИР Сыртқы істер министрі сондай-ақ: «Осыған орай жау күштерінің аймақтағы барлық базалары мен мүліктері Иранның өзін қорғау заңды құқығына сай әскери нысаналар саналады. Сондықтан Иран агрессия шартсыз және толық тоқтамағанша, заңды қорғанысың жалғастырады»,- деп мәлімдеді.
АҚШ пен сионситік режим сенбі 28 ақпанда БҰҰ Жарғысына қайшы және заңсыз түрде Иранға шабуыл жасады.
Шабуылдан кейін Ислам революциясының Сақшылар корпусы: «Дұшпанның ИИР-на қарсы агрессиясына жауап ретінде басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы Иранның зымырандық және ұшқышсыз ұшақ  шабуылының бірінші кезеңі басталды»,- деп жариялады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі де АҚШ-тың арсыз режимі мен сионситік шіріген режиммен бірге Иранға қарсы әуе шабуылынан кейін: «ИИР қарулы күштері олардың сұм әрекеттеріне қатаң жауабын бастады»,- деп жариялады.