Қаң 09, 2018 14:08 Asia/Almaty
  • Қазақстандық саясаттанушы: Орталық Азияда лаңкестік қоқан-лоққылар артады

Қазақстанның Халықаралық қатынастар кеңесінің басшысы Ерлан Карин Сирия мен Ирактағы саяси-әскери жағдайдың өзгеруіне байланысты 2018 жылы Орталық Азияда лаңкестік қоқан-лоққыларының артатынын қуаттады.

"Казинформ" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ерлан Карин дүйсенбі күні: "Сирия мен Ирактағы әскери-саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Орталық Азия содырлардың қайта оралу проблемасына тап болуы әбден мүмкін",- деген.

Қазақстандық саясаттанушы Халықаралық қатынастар кеңесінің отырысында әртүрлі зерттеу орталықтардың мәліметі бойынша ДАИШ және басқа лаңкестік топтардың қатарында Сирия мен Ирактағы қақтығыстарға қатысқан Орталық Азия елдерінің шамамен 5000 азаматының өз елдеріне қайтып оралатынын мәлімдеп: "Радикалды топтардан туындап отырған қоқан-лоққылар Орталық Азия үкіметтерінің соларға көбірек назар аударып,   қарсы тұру шараларын қолдану үшін бір-бірі және басқа үкіметтерімен ынтымақтастық жасауын қажет етеді",- деді.

 

 

Тегтер