Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы консультациялар тақырыбы - консулдық ынтымақтастықты дамыту
(last modified Sat, 24 Apr 2021 09:59:28 GMT )
Сәу 24, 2021 15:59 Asia/Almaty
  • Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы консультациялар тақырыбы - консулдық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан мен Түркіменстанның ресми өкілдері консулдық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев пен Түрікменстан сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет бөлімінің басшысы Аннамурат Алтыев видеоконференция форматында екі елдің шекарасынан өту тәртібі туралы сөйлесті. Бұл отырыста екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан азаматтарының шекарадан өту тәртібін, виза беру және қоныстандыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жалпы консулдық салық жүйесін құру ұсынылды. Келіссөздер соңында екі тарап консулдық қатынастардың ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

 

Тегтер