Беларусьтің әскери делегациясы Қазақстанға енді
(last modified Tue, 18 May 2021 11:01:27 GMT )
Maм 18, 2021 17:01 Asia/Almaty
  • Беларусьтің әскери делегациясы Қазақстанға енді

Беларусьтің Ішкі істер министрінің орынбасары және қауіпсіздік күштерінің қолбасшысы бастаған делегация Қазақстанға келді.

 

Беларусь делегациясының басшысы генерал-майор Николай Карпенков Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов кездесіп, екі ел арасындағы әскери байланысты кеңейту мәселелерін талқылады. Беларусь делегациясы Нұрсұлтанға сапары барысында   құқықтық тәртіп әскерінің қызметтік-жауынгерлік әрекеті және атқаратын негізгі міндеттерімен  және  Қазақ ұлттық қорғаныс университетінің қызметімен танысты.

Сондай-ақ, Беларусь делегациясы Алматы, Өскемен және Семей қалаларында болып, жауынгерлік дайындық орталығымен, Ішкі істер министрлігінің арнайы полкімен және ҚР Ұлттық ұланының дағдарысқа қарсы орталығымен танысады.

 

Тегтер