Қазақстан мен Моңғолия консулдық консультацияларының оныншы кезеңін өткізді
(last modified Sat, 22 May 2021 14:12:27 GMT )
Maм 22, 2021 20:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Моңғолия консулдық консультацияларының оныншы кезеңін өткізді

Қазақстан мен Моңғолия консулдық консультацияларының оныншы кезеңі екі елдің дипломатиялық өкілдіктері мен байланысты мекемелер басшыларының қатысуымен бейнеформатта өткізілді.

Қазақстан мен Моңғолия Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызмет департаментінің директорлары Бауыржан Ақатаев пен Лханаажава Мөнхтушиг консулдық-құқықтық мәселелер, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы екіжақты қатынастардың маңызды мәселелерін талқылады. Кездесу барысында көші-қон және құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шекараларды кезең-кезеңімен ашу мүмкіндіктерін зерттеу және тұрақты рейстерді қалпына келтіру жөнінде келіссөздер жүргізілді.

 

Тегтер