Қазақстанның бес өңірі «қызыл аймаққа» кірді
(last modified Mon, 28 Jun 2021 10:37:54 GMT )
Маусым 28, 2021 16:37 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бес өңірі «қызыл аймаққа» кірді

Эпидемиологиялық ахуалға сәйкес Қазақстанның бес өңірі «қызыл аймаққа» кірді.

Fars News агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, коронавирусқа қарсы ұлттық штаб елдің бес қаласы мен өңірінде аурумен күресу үшін жаңа шектеулер енгізілгенін хабарлады. Бұл мәліметке сәйкес, штаб Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​қалаларындағы жағдайды «қызыл», сондай-ақ Шымкент, Қостанай және Маңғыстау облыстарын «сары» және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Паволдар және Түркістан қалалары мен облыстарын  «жасыл»  жағдайда деп жариялады. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1672 адам анықталды және 13 адам қайтыс болды. Коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері Қазақстанда   COVID-19 жұқтырған 418114 адам тіркелді.  

 

Тегтер