Қазақстан мен Түркия аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
(last modified Mon, 05 Jul 2021 08:42:23 GMT )
Шіл 05, 2021 14:42 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түркия  аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Түркияның аэроғарыш және қорғаныс-өнеркәсіп компаниясының бас директоры кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы пікір алмасты.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түркияның аэроғарыш және қорғаныс-өнеркәсіп компаниясының бас директоры Темел Котилмен кешегі кездесуінде екі елдің ынтымақтастықтарының перспективалары, соның ішінде компанияның машина жасау, өнеркәсіп және аэроғарыш саласындағы жобаларға қатысуын, сондай-ақ бірлескен өндіріс құру мен технологиялармен алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Түркия өілі бұл кездесуде Қазақстанмен бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асыруға қызығушылығын білдірді.

 

Тегтер