Гейр Педерсен Қазақстанға кірді
(last modified Wed, 07 Jul 2021 08:23:23 GMT )
Шіл 07, 2021 14:23 Asia/Almaty
  • Гейр Педерсен Қазақстанға кірді

БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі «Астана форматындағы» келіссөздердің 16-шы кезеңіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров сәрсенбі күні Гейр Педерсеннің  Нұр-Сұлтан қаласына сапарының мақсаты - Сирия дағдарысын шешуге бағытталған «Астана форматындағы» келіссөздердің 16-шы кезеңіне қатысу деп мәлімдеді. Кездесуде гуманитарлық көмек, Женевадағы Сирия конституциялық комитетінің қайта жандану келешегі және сенім шаралары талқыланады. Кездесуге  Сирияда атысты тоқтату режиміне кепілгер елдер ретінде Ресей, Иран және Түркия өкілдері, сондай-ақ Дамаск үкіметінің өкілдері қатысады. Қазақстан астанасындағы 7-8 шілдедегі кездесуге БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак делегациялары бақылаушылар ретінде қатысуы жоспарланды.

 

Тегтер