Қазақстанда жаңа Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды
(last modified Thu, 02 Sep 2021 11:36:13 GMT )
Қыр 02, 2021 17:36 Asia/Almaty
  • Қазақстанда жаңа Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Бүгін, бейсенбі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұйрық шығарып, Ербол Қарашөкеевті елдің Ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындады.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада Алматы облысында туған, ҚазҰУ-дың құқық жəне экономика факультетінің түлегі.

Қазақстанның бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ағымдағы жылдың шілде айында ел Президентінің сынына ұшырағаннан кейін отставкаға кеткен болатын. 

Тегтер