-
Ислам революциясы жетекшісі айыпталған 2827 адамға амнистия жариялауға немесе жазаларын жеңілдетуге келісім берді
Ақп 07, 2024 17:35Исламның ұлық пайғамбарының Беғсаты, Ислам революциясы жеңісі күні және шағбаг айындағы мерекелерге орай аятолла Хаменеи қоғамдық және революциялық соттар, Қарулы күштердің сот ұйымы мен санкциялар салатын үкіметтік ұйым тарапынан айыпталған бірқатар адамға амнистия жариялауға немесе жазаларын жеңілдетуге келісім берді.
-
Газадағы шәһидтердің саны 27 685 адамға артты
Ақп 06, 2024 21:51Газа Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы доктор Ашраф әл-Қадара бүгін бұл аймақтағы 123 күндік соғыстан кейін шәһид санының 27 685-ке, жаралылардың 66 978-ге жеткенін хабарлады.
-
Жапондық компания сионистік компаниямен ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлады
Ақп 06, 2024 21:33Халықаралық соттың сионистік режимнің Газадағы геноцидке қарсы соңғы үкімінен кейін жапондық бір компания сионистік компаниямен ынтымақтастықты тоқтатқанын жариялады.
-
Канани: Ойдан шығарылған коалициялар аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке көмектеспейді
Ақп 06, 2024 21:06Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қызыл теңіздегі американдық коалиция және Еуропалық Одақтың құрғысы келетіні сияқты коалицияларды ойдан шығарылған деп атап: "Бұл өзін-өзі жариялаған коалициялар аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ықпал етпейді",- деді.
-
Израиль әскери кемелері Газа секторының солтүстігінде азық-түлік тасымалдайтын көлікті нысанаға алды
Ақп 06, 2024 20:46Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігінің (UNRWA) хабарлауынша, сионистердің гуманитарлық көмекке тосқауыл қоюы салдарынан Газа секторының әртүрлі аймақтары ашаршылықпен бетпе-бет келіп отыр, бірақ солтүстік аймақтардағы жағдай әлдеқайда нашар. Сионистік режим ашаршылық қаруы арқылы Палестина халқының Газа секторының солтүстігіндегі тұрғылықты жерлеріне оралуына жол бермеуге тырысуда.
-
Иран мен Ауғанстан Чабахар портының қуатын пайдалану бойынша ынтымақтастық етеді
Ақп 06, 2024 17:27Иранның Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі мен осы елдің көлік министрлігінің міндетін атқарушысы Ауғанстанның Чабахар портының мүмкіндігін көбірек пайдалануына тоқталды.
-
АҚШ халқының 60 пайызы Байденнің Газа соғысындағы соғысты қоздырушы саясатына қарсы
Ақп 06, 2024 17:26Америкада жүргізілген жаңа сауалнама бұл ел халқының 60 пайызы Байденнің Газа соғысындағы соғысты қоздырушы саясаттарына қарсы екенін көрсетті.
-
Венгрия: Біз Еуропаның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылмаймыз
Ақп 06, 2024 17:17Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто дүйсенбі күні бұл ел ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылмайтынын баса айтты.
-
Теһран – Хартум екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге дайын екендіктерін мәлімдеді
Ақп 06, 2024 17:04Судан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының Иран президентімен кездесуінде саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды ілгерілету, елшілер алмасу және Теһран мен Хартумдағы елшіліктерді өзара қайта ашу мәселелері талқыланды.
-
Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналықтарға қарсы өлтіретін күш қолданудың таңқаларлық артуы
Ақп 06, 2024 16:56Amnesty International ұйымы дүйсенбіде Израиль күштерінің Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналықтарға қарсы өлтіру күштерін заңсыз қолдануы таңқаларлықтай өсті деп хабарлады.