Маусым 29, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Халифе режимінің Бахрейннің қарсыластарына қарсы қатыгездіктерінің күшеюінің салдары

Халифе режимінің соңғы күндердегі бахрейндік саяси және құқық саласының белсенділерін тұтқындап, оларға азап-қорлық көрсетуі Бахрейндегі адам құқығының бұзылуының күшеюіне қатысты алаңдаушылықтарды арттырды.

Бұл салада Бахрейннің адам құқығы мәселесі жөніндегі танымал белсендісі де Набиль Раджаб жағдайының нашар болуына байланысты Халифе режимінің әскери ауруханасына ауыстырылды. Набиль Раджаб ауруханаға ауыстырылмастан бұрын жеке камерада ұсталған болатын. Набиль Раджабтың қорғаушысы абақтыда қолданылған азап-қорлықтар мен абақтыда гигиеналық жағдайдың жоқтығына байланысты Набиль Раджабтың денсаулығының нашарлағаны туралы хабарлап: «Оған алдағы бірнеше күнде екі медициналық отау жасалуы қажет, егер олар жасалмаса орын алатын жағдайға Халифе режимі жауапты болады»,- деді. Халифе режимінің қатыгездіктерінің күшеюі құқықтық қоғамның реакцияларымен кезікті. Халифе режимінің құқықтық және саяси белсенділерді тұтқындауы және Бахрейн халқының көтерілісі басшыларының бірі шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыруынан кейін адам құқығы инспекторлары мәлімдеме жариялап, Бахрейн режимінен өз шешімінен қайтып, шейх Иса Ғасемнің азаматтығын қайтаруды және Набиль Раджабты босатуды талап етті.

Айта кететін жайт, Набиль Раджаб 2011-ші жылы Халифе режиміне қарсы халықтық наразылықтар басталғаннан бері бірнеше рет тұтқындалды.

Бахрейн үкіметі өткен апталарда өзінің басып-жаншу әрекеттерін жалғастырып, Әл-Вафақ жамиғатының жұмысын тоқтатып, шейх Иса Ғасемді жазалады; Набиль Раджабты тұтқындап, шектеулер қойып, мешіттердің көбінде жұма намазы мен басқа жамағат намаздарын өткізуге тыйым салды. Халифе режимі сонымен бірге Бахрейн халқы жетекшілерінің бірі шейх Иса Ғасемді сол елдің азаматтығынан айырды.

Бахрейн 2011-шы жылы халық көтерілісін басып-жаншудан осы кезге дейін халықтың бейбіт наразылықтарымен кезігіп отыр. Бахрейн халқы саяси реформаларды талап етуде. Бірақ Халифе режимі саудиялық және эмираттық әскерилердің көмегімен бұл елдің халқының наразылықтарын басып-жаншуда.

Осы кезде де Халифе режимінің Бахрейн халқына қарсы қоқан-лоққылары мен басып-жаншу әрекеттері күшейіп, бахрейндік белсенділердің тұтқындалуы мен сотталуы көбейіп, алаңдаушылықтарды арттырды.

Халифе режимі Батыс үкіметтері және кейбір араб үкіметтерінің кең ауқымды қолдаулары мен халықаралық қауымдастықтың үнсіздігінің аясында Бахрейн халқына қарсы басып-жаншу әрекеттерін жалғастыруда. Халифе режимінің саяси белсенділерге қарсы әділетсіз шешімдері осыдан біраз уақыт бұрын Араб лигасы Бахрейнді адам құқығы жөніндегі араб сотының орталығы деп таныстырған жағдайда қабылдануда. Ал Еуроодақтың Риядтағы өкілі 2014-ші жылы Парсы шығанағы аймағындағы адам құқығын нығайту жүлдесін Бахрейннің Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұлттық адам құқығы ұйымына берген болатын.

Бахрейндегі азаттық пен азаматтық құқықтардың бұзылуы, саяси белсенділерді тұтқындау және оларды қорлау, Бахрейн халқының басшылары мен саяси белсенділерін азаматтықтан айыру және үкіметтің қарсыластарына қарсы қатыгездіктерді арттыру Халифе режимінің қылмыскер болмысын әлемдіктердің алдында әшкереледі. Мұндай жағдайда әлемдік қоғамдастықтың үстемшіл Халифе режиміне қарсы шара қолдануды кейінгі қалдыруы Бахрейн халқының басына төніп тұрған қауіп-қатерді арттырады.

Тегтер