Шіл 27, 2019 15:37 Asia/Almaty

Палестиналықтардың Газа секторында өткізген "Оралу құқығы" шеруінің 68-ші аптасында бір палестиналық сионистік әскерилердің оғынан мерт болды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап: "Сионистік режим әскерилерінің жұма күні кешке Газа секторында "Оралу құқығы" шеруінің 68-ші аптасына қатысқан палестиналықтарға жасаған шабуылында 36 адам жараланды. Оның 24-тіне әскери оқ тиген",-деп хабарлады.

"Оралу құқығы" атты бейбіт шеру 2018 жылдың 30 наурызында Газа секторында Жер күніне орай басталып, әлі күнге дейін жалғасуда.

Бұл шерулерде 310-нан аса палестиналық израильдік әскерилердің оғынан шәһид болып, 31 мың адам жараланды.

Тегтер