Нау 05, 2020 22:52 Asia/Almaty
  • Астана процесі – Идлиб дағдарысын шешудің жалғыз жолы

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлибтегі соңғы өзгерістер әлемнің назарын тағы да осы стратегиялық аймаққа аударды.

Сирия армиясының соңғы күндерде Идлибтің атырабында ілгерілуі елдің аумақтық тұтастығын қорғау аясында заңды түрде атқарылды, бірақ Түркия армиясының осы аудандағы әрекеттері бұл елдің Астана мен Сочи келісімдерін бұзғанын білдіреді.

«Астана процесі» атты келіссөздер 2017 жылдың қаңтар айында Иран, Ресей мен Түркияның бастамасымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында  басталды. Осы күнге дейін әртүрлі күнтәртібі қалыбында үш елдің басшылары, Сыртқы істер министрлері мен орынбасарлары деңгейінде өтті.

Идлибке қатысты кейбір қайшылықтарға қарамастан, Астана процесінде Иран, Ресей мен Түркияның арасында бір консенсус пайда болды. Олар лаңкестікпен күрес, Сирияға тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтару, жаңа конституция қабылдау және бұл елдің аумақтық тұтастығын сақтау мәселелерінде келісімге келді.   

Иран, Ресей мен Түркия ұйымдастырған Астана процесіндегі маңызды консенсус бұл келіссөздердің маңыздылығы мен тиімділігін көрсетеді. Егер бұл келісімге сызат түссе, Идлиб дағдарысы күшейе түсетіні анық.  

Түркияның Идлибтегі жуырдағы кейбір әрекеттері, соның ішінде бұл ауданның тұрғындар құрамын өзгертуге және Идлибті Түркия территориясына қосып алуға талпынысы Иран мен Ресейді Астана мен Сочи келісімдеріне құрмет көрсетудің Идлиб дағдарысынан шығудың жалғыз жолы екенін және Түркия үкіметінің біржақты әрекеттері мен уағда бұзушылықтары аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне сай келмейтінін еске салуға мәжбүрледі.  

Осы аяда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні: «Сирияда қатігездіктің артып кетуінің алдын алып, лаңкестікпен күресіп, тұрақтылық орнатуға жәрдемдескен жалғыз механизм – Астана процесі»,-деді.

Идлибтегі соңғы өзгерістерді ескеріп, жоғары деңгейде, яғни Иран, Ресей мен Түркияның басшылары деңгейінде Теһранда Астана процесін өткізу жоспарланды. Бұл келіссөздермен қатар, Иран Президенті Хасан Рухани жуырда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы  сөйлесіп, Иран, Сирия мен Түркия басшыларының қатысуымен үшжақты отырыс өткізуді ұсынды. Руханидің айтуынша, Идлиб мәселесін шешуге және осы саладағы кейбір пікір қайшылықтарын жоюға көмектеседі.  

Иранның сенімінше, диалог – Идлиб мәселесін шешудің ең тиімді жолы. Түркияның Сирияның егемендігіне көңіл аудармай, әскер кіргізуі бұл елдің ғана емес, аймақтың тұрақсызданып, тынышсыздықтың артуына себеп болады.  

Тегтер