Жел 12, 2022 19:11 Asia/Almaty

Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) әскери тармағы шәһид Азаддин әл-Қасам батальондарының арнайы бөлімшелері сионистік режимға қарсы тұруға дайындық деңгейін көрсету мақсатында әскери жаттығу өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режим әскерилері мен палестиналық күрескерлер арасында қақтығыстар күшейген жағдайда шәһид Азаддин әл-Қасам батальондары өзінің арнайы бөлімшелерінің әскери жаттығуы туралы видео таратты. Онда  әл-Қасам күрескерлері әскери қару-жарақтар және зымыранмен шабуыл жасауға жаттыққаны көрсетілген.

Шәһид Азаддин әл-Қасам батальондары бұған дейін де өзінің әуе қорғаныс кешендерінің Газа секторы көгінде сионистік қырғи ұшақтарға төтеп бергені түсірілген видеоны таратқан болатын.

Тегтер