Сәу 25, 2023 14:01 Asia/Almaty

Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысы: «Басқыншылардың қылмыстары мен әл-Ақса мешітінің бұзылуына жауап ретінде басып алынған Құдста қаһармандық операциялар жүргізілуде. Басқыншылардың қылмыстарының соңғысы Баб ар-Рахма мешітіне шабуыл жасалып, оның электр қуатын өшіру болды»,- деп жариялады.

Palestine Elium-нің дүйсенбі күнгі  мәліметінше, ХАМАС қозғалысы осы операцияға реакция білдіріп, басқыншылардың қылмыстары мен шабуылдары үшін төлейтінін және қауіпсіздік пен тұрақтылықты көрмейтінін жариялады. Кеше, дүйсенбі күні палестиналық жастар басып алынған Құдстың Яффа көшесінде көлікті пайдаланып, бірнеше сионистерді қағып кетті. Бұл   әрекет сионистік режимнің қаза тапқан сарбаздарын еске алу рәсімінен 200 метр қашықтықта өтті. Осы рәсімде сөз сөйлейтін сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху  әрекет өткен жердің жанында болды.

Тегтер