Шіл 19, 2023 17:27 Asia/Almaty

Мұхарам айының бірінші күні қарсаңында имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазірет Аббас (ғ.с.) кесенелерінің қызыл туын аза тұтудың белгісі болып табылатын қара туға ауыстыру рәсімі өтті.

 

Ақшам және құптан намаздарынан кейін басталған бұл рәсімде аза тұтушылар имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазірет Аббастың (ғ.с.) қасиетті жерлерінде аятолла Систаниді қолдап ұрандар айтты. Сондай-ақ, осы рәсімнің бір бөлігінде имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазірет Аббастың (ғ.с.) кесенелері мен оның маңайындағы  зияратшылар Құран Кәрімді көтеріп, қасиетті кітапқа қолдауларын білдіріп, Құран Кәрімге құрметсіздік білдіргендерге жиіркеніштерін білдірді.

 

Тегтер