Жел 01, 2023 21:35 Asia/Almaty
  •  ХАМАС БАӘ-нің сионистік режим президентін қабылдауын айыптады

ХАМАС қозғалысы мәлімдемесінде БАӘ-нің сионистік режимнің президенті Исаак Герцогты БАӘ-де өтетін халықаралық климат саммитіне шақыруы мен қабылдауын айыптады.

 

 

"Әл-Аламның" хабарлауы бойынша, ХАМАС қозғалысы бұл сұмдық әрекетті айыптап: "Біріккен Араб Әмірліктерінің әрекеті сионистік армия Газа секторында Палестина халқына және тұрғын аудандарға, ауруханаларға қарсы жан түршігерлік қырғын мен геноцид  жасалып жатқан кезде орын алуда. Мешіттер, шіркеулер, университеттер қиратылды, мектептер, тіпті БҰҰ кеңселері де бұл қылмыстардан қорғалмаған",- деді..

 

Тегтер