Қаң 26, 2024 14:30 Asia/Almaty
  • Нетаньяху – Израильде түйткіл тудырып отырған саяси құрылымның өкілі

Сионистік режимге қарсы партиялардың жетекшісі Яир Лапид: "Израильдегі қазіргі саяси құрылым шешім жолы емес, керісінше өзі түйткіл тудырып отыр",-деді.

Сионистік режим 2019 жылдан бері көптеген дағдарыстарға ұшырады. Ең маңызды дағдарыстардың бірі – басып алынған жерлерде саяси тығырықтың пайда болуы. 2019 жылдың сәуір айынан 2022 жылдың қараша айына дейін 4 жылға жуық уақыт барысында басып алынған жерлерде 5 парламенттік сайлау өтті. Осы төрт жыл ішінде кабинеттердің ғұмыры бір жылға жетпеді. Бесінші парламенттік сайлаудан кейін 18 айлық талқылаудан соң Нетаньяху әсірешілдер мен реакцияшылар коалициясымен бірге жаңа кабинет құрды. Мерзімінен бұрын парламенттік сайлаулар өткізу және көптеген кабинеттер құруға қатысты саяси тығырық аяқталғанымен басып алынған жерлерде саяси қайшылықтар күшейе түсті.

Нетаньяху премьер-министр лауазымына қайта қол жеткізгеннен кейін басып алынған Палестинада өзінің диктаторлығын толықтыруға бар күшін салды. Сол негізде сот органын әлсіретуді күн тәртібіне қойды. Басып алынған жерлердегі жүздеген мың адам мен саяси сыншылардың пайымдауынша, егер сот органы атқарушы және заң шығарушы органдары алдында әлсіресе, іс жүзінде билік бөлінісі назарға алынбайтын болады. Басқа жағынан саяси сыншылар мен наразылардың сенімінше, Нетаньяху сот органын әлсірету арқылы өзінің жеке мүддесіне қол жеткізуді, яғни сыбайлас жемқорлық туралы істерді жабық деп жариялауды көздеп отыр.  

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында басып алынған жерлерде апта сайын жүздеген мың адамның қатысуымен наразылық шерулерінің өткеніне қарамастан Нетаньяху билікте қалды және кабинетте ешқандай өзгеріс болмады. ХАМАС жауынгерлері сионистік режимге қарсы жасаған "әл-Ақса дауылы" операциясы Нетаньяхуға қарсы шерулерді уақытша тоқтатты. Бірақ Нетаньяху кабинеті сионистік тұтқындарды азат ете алмағандықтан наразылық шерулері қайта қуат алды. Наразылар Нетаньяхуды "залым" деп атап, "Залымға өлім!" деп ұрандатты. Басқа жағынан Нетаньяхудың кабинетінде де қайшылықтар шарықтау шегіне жетті. Тіпті Соғыс министрі Йоав Галант Нетаньяхудың кеңсесіне баруға рұқсат алмағаннан кейін Голани бригадасымен Премьер-министрдің кеңсесіне кіремін деп сес көрсетті.

Осындай жағдайда тағы да Израильдің саяси құрылымына қатысты сындар айтылды. Сионистік режимге қарсы партиялардың жетекшісі Яир Лапид: "Израильдегі қазіргі саяси құрылым шешім жолы емес, керісінше өзі түйткіл тудырып отыр",-деді.

Лапид: "Израиль ең қайғылы күндерді бастан өткеріп жатыр. Сейсенбі күні Газада 21 сионистік сарбаздың қаза тапқанына куә болдық. Әлі күнге дейін тұтқында жатқандардың жағдайынан хабарсызбыз",-деп мойындады.

Сионистік режимге қарсы партиялардың жетекшісі: "Алдымен тұтқындарды босату керек еді, содан кейін ХАМАС-ты жою мәселесі қарастырылуы тиіс болатын",-деді.

Тегтер