Ақп 09, 2024 21:59 Asia/Almaty
  • Йемен Ансаролласының Бас хатшысы: Сионистік режим Газада сәтсіздікке ұшырайды

Йемендегі «Ансаролла» ұйымының бас хатшысы: «Газа секторына қарсы басқыншылық қылмыстың ең жоғары статистикасын тіркегеніне қарамастан сәтсіздікке ұшырайды",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейед Абдул Малик Бадреддин» кеше бейсенбі күні аймақтағы оқиғалар туралы сөйлеген сөзінде: "Сионистік режимнің қылмыстары мен осы режимнің Газадағы қырғыны 2370 қылмысқа жетті және бұл қылмыстар сионистік режимнің Палестина халқын қырып-жоюдағы қылмыстық көзқарасының ең үлкен дәлелі болып табылады",- деп мәлімдеді.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы АҚШ пен Ұлыбританияның кеме қатынасының қауіпсіздігін қолдайтын талаптарының жалған және негізсіз екеніне назар аударып: «Йемен майданы соғыс тоқтап, Газа блокадасы жойылмайынша дұшпанды нысанаға алып, теңіз операцияларын жалғастырады және Қызыл теңіздегі операцияның негізгі құрбаны Израиль, Америка және Ұлыбритания режимі болып табылады",- деп баса айтты.

Сейед Абдул Малик Бадреддин АҚШ-тың сионистік режимге жан-жақты қолдау көрсетуіне тоқталып: «Израиль режимі палестиналық жауынгерлерді жою және палестиналықтардың Газа секторында күштеп қоныс аударуы сияқты жариялаған мақсатын жүзеге асыра алмады және  жүзеге асыра алмайды",- деді.

 

Тегтер