Қыр 08, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Сауд әулеті режимі қасиетті қалаларды басқара алмайды

Грекия мұсылмандары қоғамының басшысы Сауд әулеті режимінің басшыларын қасиетті қалаларды басқаруға лайықсыз адамдар деп атады. Грекия мұсылмандары қоғамының басшысы Наим әл-Қандур Сауд Арабиясы басшыларының қажылық рәсімдерін басқарудағы әрекеттерін сынап: «Сауд Арабиясы басшыларының қасиетті қалаларды басқаруды ислам елдерінің кеңесіне беретін кезі келді.

Ислам елдері ислам әлеміндегі ойшылдар мен барлық ислам елдерінің қатысуымен кеңес құрып, қасиетті қалаларды басқаруды өз қолдарына алуы керек. Сауд әулеті режимінің басшыларына исламның қасиетті құндылықтарына құрметсіздік көрсетуіне жол бермеуі тиіс. Сауд әулеті режимі қате саясат ұстанып, Батысқа бағынышты болып отырғандықтан сионистік режимге жақтасып, онымен әріптесіп отыр. Бұл ел ислам үмбеті арасында текетірес пен жікшілдік тудыруға бет бұрды»,-деді.

Тегтер