Оман Ираннан тамақ өнімдерін импорттауға ынта танытып отыр
Қыр 26, 2016 20:38 Asia/Almaty
Оманның Өнеркәсіп және сауда министрі Иран Ислам Республикасынан тамақ өнімдерін импорттауды қолдады.
Оманның Өнеркәсіп және сауда министрі Әли Бин Масуд Бин Әли әл- Саниди Теһранда Оман өнімдері көрмесінің ашылу рәсімінде: «Иран тамақ өнімдері саласында үлкен әлеуетке ие. Иран Оманның тамақ өнімдері кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ете алады» деді. Оманның Өнеркәсіп және сауда министрі осы ел мен Иранның оңтүстігі арасында теңіз қатынасының ашылғанына тоқталып, теңіз қатынасы жолында 200 жолаушы мен 40 көлікті тиейтін мүмкіндігі бар 7 кеменің жүретінін мәлімдеді.
Тегтер