Қыр 27, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • Оманның сауда және өнеркәсіп министрі Исхақ Джаһангиримен кездесті

ИИР Вице-президенті мен Оманның сауда және өнеркәсіп министрі екіжақты қарым-қатынастың, әсіресе экономикалық байланыстардың кеңеюін баса айтты.

ИИР Вице-президенті Исхақ Джаһангири Теһранда Оманның сауда және өнеркәсіп министрі Әли бен Сауд әл-Санидимен кездесуінде Теһран мен Масқаттың қарым-қатынасын дамытуды жылдамдату қажеттігін айтып: «Иран мен Оманның шынайы қарым-қатынасы аймақ деңгейінде бір озық қатынастың үлгісі ретінде қарастырылуы тиіс»,-деді.

Джаһангири Иран мен Оманның қарым-қатынасының әрдайым шынайы әрі даму үстінде болғанын айтып: «ИИР-ның жоғары лауазымды қайраткерлері Оманмен  қарым-қатынас деңгейін жоғарылатып, байланыстарды дамыту үшін шынайы ерік-жігерге ие»,-деп мәлімдеді. 

Джаһангири Иранның әртүрлі айлақтарын, соның ішінде Бандар-Аббас пен Қешм айлақтарын Оманның айлақтарымен  байланыстыруды  екі елдің арасында сауда қатынасын дамытуға берілген үлкен мүмкіндік деп бағалап: «Ираннның Жол және қала құрылысы министрі жуырда Оманға сапар шегеді. Сонда екі елдің айлақтары арасындағы байланысты қалыптастыруға қажетті шаралар атқарылатын болады»,-деді.

Оманның сауда және өнеркәсіп министрі Әли бен Сауд әл-Саниди де осы кездесуде екі елдің жауапты тұлғаларының екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қатысты ерік-жігерлерінің барын айтып: «Бұл тақырып – Оманның екіжақты байланысты дамыту мақсатында талпынысты еселендіруі үшін мықты стимул»,-деді.

Тегтер