Сәу 24, 2016 15:27 Asia/Almaty
  • Сауд әулеті Сауд Арабиясында қарсыластарға қатысты өлім жазасына кесу үкімін шығаруды жалғастыруда

Сауд Арабиясында адам құқығын бұзудың жалғасында Сауд әулеті режимінің Аппеляциялық соты саудиялық шиіт белсендісіне өлім жазасына кесу үкімінің шығарылғанын растады.

Сауд Арабиясының шығысындағы әл-Авамие ауданының тұрғыны Әли Юсефәли әл-Машихас 2014 жылдың 26 қаңтарында қамауға алынып, жуырда Аппеляциялық сот осы саудиялық белсендіге өлім жазасына кесу үкімінің шығарылғанын растап, оны Ішкі істер министрлігіне жолдады.

Осыдан бұрынырақ Ұлыбританияның «Independent» газеті құқықтық ұйымдардың мәліметтерін жариялап, Сауд Арабиясында өлім жазасын орындау фактілерінің көбейгенін ескертіп, бұл елдің 2016 жылдың басынан осы күнге дейін 82 адамды өлім жазасына кескенін, кейбір мәліметтер бойынша, осы жылдың соңына дейін өлім жазасына кесу үкімдері орындалар болса, олардың санының екі есеге артатынын хабарлады.

«Independent» газетінің мақаласында келтірілгендей, 2015 жылы Сауд Арабиясында 158 адамға қатысты өлім жазасына кесу үкімі орындалды. Мұның өзі бұл жайттардың 2014 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын көрсетеді.

ОСындай жағдайда құқықтық ұйымдар да саудиялық көрнекті дінбасы әрі күрескер шейх Нимр Бақер ән-Нимрдің інісі Әли ән-Нимр, қылмыс жасаған кездерінде жеткіншек болған Довуд әл-Мархун мен Абдулла әз-Захерге қатысты өлім жазасына кесу үкімінің шығарылуына талай рет алаңдаушылық білдіріп, бұл адамдардың Сауд әулеті үкіметіне қарсы реформа жасауды талап еткен шеруге қатысты деп айыпталып отырғанын, кез-келген сәтте алдын ала ескертусіз шығарылған үкімнің орындалуы мүмкін екендігін айтты.

Шейх ән-Нимрге қатысты өлім жазасына кесу үкімін орындау әлемнің түкпір-түкпіріндегі азаттықты сүюшілердің ашу-ызасын тудырды.

Құқықтық орталар да шейх ән-Нимрдің жөнсіз әрі әділетсіз түрде өлтірілгеніне тоқталып: «Бұл қадірлі ғалым Сауд Арабиясының басқару жүйесін сынағаны үшін түрмеге қамалып, жөнсіз айыпталып, өлім жазасына кесілді. Ешбір елдің заңында адам сын айтқаны үшін өлірілмейді»,-деп қуаттады.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, соңғы жылдарда Сауд Арабиясында қамаулар мен өлім жазасын орындаулар көбейіп отыр. Басып-жаншу мен тирания жасауда ешбір шек пен шектеуді білмейтін Сауд әулеті режимінің шаралары іс жүзінде Сауд Арабиясын халықаралық деңгейде азаматтардың құқықтарын бұзатын орталықтардың біріне айналдырды.

Осы аяда Сауд Арабиясының қайраткерлері өлім жазасын қарсыластардың үнін өшірудің құралы ретінде пайдаланып, қорқыныш пен үрей тудыру арқылы тұншығатын кеңістік қалыптастырып, ешкімге ашық түрде Сауд әулеті режиміне қарсы тіл қатуға мұрсат бермеуді көздейді.

Осындай жағдайда Сауд Арабиясында орнаған ортағасырлық басқару жүйесі, саяси белсенділерді қатаң түрде басып-жаншу және ауқымды түрде өлім жазасына кесу, Сауд Арабиясында бостандықтың сақталмауы осы елдің халқы мен қоғамдық пікірінің наразылығын тудырып отыр.

Сауд әулетінің Сауд Арабиясындағы әрекеттерінің салдарынан елде сайлау, әртүрлі саяси партиялар, баспасөз бостандығы сияқты демократияның белгілері көрінбей, бұл ел халықаралық деңгейде азаматтардың құқықтарын бұзатын орталықтардың біріне айналып отыр. Мұндай режимнің салдарлары тек елдің ішімен шектелмейді, сонымен қатар әлем халықтары да бұрынғыдай осындай қатігез режимнен туындаған салафиттік-тәкфирлік топтардың жан түршігерлік әрекеттерінің әсерінде қалып отыр. ДАИШ пен әл-Каида сияқты лаңкестік топтар осындай артқа тартатын және бұрмаланған ойлардың тармақтары болып саналады. Сауд әулетінің әрекеттеріне шолу жасап, мынадай нәтиже шығаруға болады: Сауд Арабиясының халқы мен әлем ешқашан Сауд әулеті режимінің іріткі салушылықтары, қастандықтары, қатігездіктері мен жан түршігерлік әрекеттерінен аман қалған емес.

Тегтер