Қаз 12, 2016 23:08 Asia/Almaty
  • Иран Дүниежүзілік банк және Халықаралық қаржы қорымен байланысын жоғарылатуды қалайды

Иранның Қаржы және экономика министрі: «Санкциялардан кейінгі жаңа кеңістікте ИИР Дүниежүзілік банк және Халықаралық қаржы қорымен байланысын жоғарылатуды қалайды»,-деді.

Иранның Қаржы және экономика министрі Әли Тайебниа Вашингтонға сапарының соңына Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы қорының жыл сайынғы жиналысына қатысқаннан кейін берген сұхбатта Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы қорының жиналысы аясында осы екі мекеменің басшыларымен көптеген сындарлы жиналыстар өткізгенін, Франция, Швеция, Норвегия, Италия, Түркия, Қытай, Үндістан мен Нидерланды сияқты елдердің Қаржы және экономика министрлерімен кездесіп, екіжақсы экономикалық әріптестікті кеңейту жолдары жайлы сұхбаттасқанын мәлімдеп: «Еуропалық елдердің министрлерімен кездесуде АҚШ-тың іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындамауы сөз болып, ИИР-мен банк саласында қарым-қатынас орнату қажеттігі қуатталды»,-деді.  

Тегтер