Назарбаев келесі аптада АҚШ-қа сапар шегеді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орта Азия елдері жөніндегі арнайы өкілдігі кеңсесінің басшысы Элис Уэлс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға іссапармен баратынын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орта Азия елдері жөніндегі арнайы өкілдігі кеңсесінің басшысы Элис Уэлс баспасөз конференциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі аптада Вашингтонға іссапармен баратынын хабарлады.
Ол Назарбаевтың сапары жөнінде: «Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі аптада АҚШ сапарының сәтті әрі жемісті болатындығына сенімдіміз»,-деді.
Назарбаев осы сапар барысында АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сол елдің ресми және сауда орталарының өкілдерімен кездесіп, екіжақты байланыстар, аймақтық әріптестік пен Ауғанстан мәселесі жөнінде келіссөздер жүргізеді деп жоспарлануда.
Орта Азия елдерінің қолайсыз экономикалық жағдайы АҚШ-қа әртүрлі қаржылай көмектерді ұсынып, өзінің осы аймақтағы саяси-экономикалық және қауіпсіздік құзырын нығайтуға мүмкіндік тудырып отыр.