Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату туралы қарарын қолдады
(last modified Mon, 26 Feb 2018 07:58:42 GMT )
Ақп 26, 2018 13:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату туралы қарарын қолдады

Қазақстан СІМ мәлімдеме жариялап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда 30 күндік атысты тоқтату туралы қарарын қолдады.

Қазақстанның KazInform ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, осы елдің СІМ жексенбі күні мәлімдеме жариялап: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда 30 күндік атысты тоқтату туралы бітімін орнату туралы қарарын жүзеге асыру Сирияда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оның зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жіберуде маңызды қадам саналады.

Сирия дағдарысының жалғыз шешім жолы – келіссөз",- деді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні Сирияда 30 күндік атысты тоқтату бітімін орнату және қоршауға алынған аймақтарға гуманитарлық көмектерді жеткізуге мүмкіндік жасау туралы қарар бекітті. Ресейдің табандылығының нәтижесінде атысты тоқтату бітімі лаңкестік топтарға қатысты болмайды.

Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері арасындағы келісімге сәйкес, атысты тоқтату бітімі орнаған мерзім аралығында Сириядағы қоршауға алынған кейбір аймақтарға, әсіресе Шығыс Ғутеге гуманитарлық көмек жіберу үшін мүмкіндік жасалатын болады.

 

 

Тегтер