Мәскеу: АҚШ Сирияға шабуыл жасау үшін жағдай жасап жатыр
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы бейсенбі күнгі баспасөз конференциясында: "Вашингтон әлемдегі қоғамдық пікірді Сирияға жаңа шабуыл жасауға дайындау үшін қажет құралдардың ауқымды спектрін пайдалануда",-деді.
Russia Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мария Захарова: "АҚШ пен одақтастары лаңкестердің Сирияда жеңіліс табуына қатты алаңдап отыр. Олар лаңкестерді сақтап, Сириядағы қақтығыстарды жасанды түрде ұзартуға талпынып жатыр",-деді.
АҚШ пен одақтастары Сирия армиясының Идлибте химиялық шабуыл жасау ықтималына қатысты кеңістік тудыра бастады. Алайда Ресей СІМ нақты мәлімет тарату арқылы лаңкестер мен олардың батыс демеушілерінің бұл аймақта химиялық шабуыл жасау туралы жалған қойылымын орындауға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.