Ресей мен Қазақстанда еркін стильде шаңғы тебуден әлем чемпионаты өтіп жатыр
(last modified Mon, 15 Mar 2021 08:58:16 GMT )
Нау 15, 2021 14:58 Asia/Almaty

Қазақстанда еркін стильде шаңғы тебуден әлем чемпионаты жалғасуда.

Кросс бөлімінде 11 кезеңнің онынан өткен канадалық Рики Ходен 662 ұпай жинап, көш бастаса,  швейцариялық  Юнас Ланхер 373 ұпай, франциялық Бастин Миду 366 ұпай жинап, екінші және үшінші орындарға тұрақтады.

Cross Alps Tour-дың бесінші кезеңінде канадалық Рики Ходен жеңімпаз атанды. Қазақстанның Алматы қаласында өткен әлем чемпионатының 7 кезеңдік басқа бір бөлімінде ресейлік фристайлист Максим Буров 526 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Командалық жарыс тек бір кезеңнен тұрды. Қорытынды нәтиже бойынша Ресей командасы 100 ұпай, Швейцария командасы 80 ұпай және АҚШ командасы  60 ұпай жинап, алғашқы үш орынға ие болды.

Тегтер