Нау 30, 2021 19:24 Asia/Almaty
  • Зариф БҰҰ-ны ауғандықтар арасындағы келіссөздерді жеңілдетуге шақырды

Иран Сыртқы істер министрі «Азия жүрегі» атты тоғызыншы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Ауғанстанда берік тұрақтылық орнатудың жалғыз жолын ауғандықтар арасында диалог өткізу деп атады.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Стамбұл үдерісі аясындағы «Азия жүрегі» атты тоғызыншы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде ИИР-ның аймақ елдерін интеграцияландырып, Ауғанстанды аймақтық қарым-қатынасқа кіргізіп, осы елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға талпынып жатқанын айтып, ол үшін ауғандықтар арасында диалог өткізу қажеттігін атап өтті.   

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ-ны ауғандықтар арасындағы келіссөздерді жеңілдетуге шақырып, Ауғанстандағы кез келген келісімнің осы ел халқының өз тағдырын анықтау құқығын кепілдендіруі тиістігін айтты.

Зариф өткен жылы Ауғанстан темір жолының Иран теміржол желісіне қосылғанын айтып, бұл жетістікті аймақтық және халықаралық теміржол желісін қалыптастыруда маңызды қадам деп атады.  

Тегтер