Қазақстанда әлемнің 8 елінен келген каратешілердің жаттығуы өтті
(last modified Mon, 07 Jun 2021 10:06:59 GMT )
Маусым 07, 2021 16:06 Asia/Almaty
  • Қазақстанда әлемнің 8 елінен келген каратешілердің жаттығуы өтті

Қазақстанда әлемнің 8 елінен келген каратешілердің ортақ жаттығуы өтті.

Францияда өтетін Токио олимпиадасына каратеден іріктеу жарысының соңғы кезеңіне қатысуға дайындалу мақсатында Қазақстанның Алматы қаласында ортақ жаттығу өтті.  

Франция, Мексика, Оңтүстік Корея, Гватемала, АҚШ, Чили, Сауд Арабиясы, Малайзия, БАӘ мен Пәкістаннан 40 каратеші Қазақстан ұлттық командаларының жаттығу лагерінде бір ай бойы дайындалған болатын.  

Оңтүстік Корея командасын ирандық тренер Ахмад Сафи бастап барды.

Осы командалар 21 маусымда өтетін олимпиадаға іріктеу ойындарына қатысу үшін Алматыдан Парижге ұшып кетті.  

Тегтер