Қазақстанның Теңіз кубогы жарысына жіберілген кемелерінің қолбасшысы: Иран жəне Ресеймен қарым-қатынасты кеңейтуді көздейміз
(last modified Mon, 16 Aug 2021 14:18:32 GMT )
Там 16, 2021 20:18 Asia/Almaty

Қазақстанның Теңіз кубогы жарысына жіберілген кемелерінің қолбасшысы жарысқа қатысудағы мақсатты Қазақстан, Иран мен Ресей арасындағы байланыстарды нығайту деп атап: "Елдермен жақынырақ қарым-қатынас орнатып, оны кеңейтуді қалаймыз",-деді.

Екінші капитан Данил Жұмағалиұлы Хрущев дүйсенбі күні Иранның солтүстік флотының Қазақстан кемелерін қарсы алу рəсімі аясында тілшілерге берген сұхбатында: "Біздің команда жарысқа қатысуға толық дайын. Тиісті жаттығуларды жасады",-деді. 

Ол алдағы жарыстың кәсіби тұрғыдан ауыр болатынын айтып: "Қазақстан жеңу үшін жарысқа қатысады жəне соған бар күшін салады",-деді. 

"Маңғыстау" мен "Сарыарқа" кемелері бүгін таңертең Анзали айлағына кіріп, Иранның имам Реза (ғ.) атындағы теңіз күштерінің төртінші аймағы мен солтүстік флоты тарапынан қарсы алынды. 

Тегтер