Қар 07, 2021 21:07 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: АҚШ экономикалық терроризмді жалғастыра отырып, келіссөз бен келісімді қалаймыз деп уәж айтпасын

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ өзінің сәтсіз саясаты – барынша қысым жасауды және экономикалық терроризмді жалғастыра отырып, келіссөз бен келісімді қалаймыз деп уәж айта алмайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Қытай Сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік кеңесінің мүшесі Ван Имен телефон арқылы сөйлесіп, Қытай үкіметінің Иранға 120 млн вакцина дозасын жіберуге көмектескеніне алғыс айтып, екі ел қарым-қатынасының дамып жатқанына ризалық білдіріп, ИИР-ның Бейжіңнің тұрақты даму атты жаһандық бастамасына қолдау білдіріп, осы салада Қытаймен тығыз әріптестік жасайтынын баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Венаның келешек келіссөздері туралы АҚШ пен еуропалық тараптардың рационалды түрде келіссөз жүргізіп, жылдам келісімге келетініне үміт білдірді.

Ван И ядролық келіссөздерді жалғастыруға қолдау білдіріп, АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау жолында туындаған қиыншылықтардың басты себепкері деп атап: "Олар бұл қателікті санкцияларды толық жою арқылы өтей алады. Сонда Иранның оңды қатынасымен алдағы келіссөздер жақсы нәтиже береді",-деп үміт білдірді.  

Тегтер