Қаң 23, 2022 20:53 Asia/Almaty

Ислам революциясы жетекшісінің Батыстың әділеттікті талап еткен жастарына хатының жарияланған күнінің жылдығымен бір мезгілде ағылшын жазушысы Родни Шекспирдің осы хаттан шабыт алып жазған "Жаңа үлгідегі жауап" (A New Paradigm Response) атты кітабының тұсаукесері өтті.

Родни Шекспир өз кітабының танысырылымында: "Бұл кітапта ақиқатты түсіну үшін жаңа тәсіл ұсынылған. Кітап Ислам революциясы жетекшісінің 2015 жылы Батыс жастарына арнап жазған екі хатына негізделген. Менің ойымша, Иран қазір өз революциясын әлем халықтарына ұсына алатын кезеңде тұр. Бұл революцияның артында саяси-экономикалық және мәдени тәуелсіздік бар. Имам Хомейни (р.) осыны қалаған. Қазір мен сияқты адамдар оның революциясынан шабыт алып, әділетке негізделген экономиканы әлем халықтарына түсіндіреміз",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің Ұлыбританиядағы өкілі Хашем Мусави осы туралы: "Біз жолдауымыздың бір бөлігін өзіміз баяндай аламыз, алайда жолдаудың басқа бір бөлігін Батыс қоғамдарындағы ұстаздар мен ойшылдардың тілімен жеткізуге болады",-деді.

Тегтер