Ирандық қыз Орта Азияның теннис жарысында жарқырай көрінді
(last modified Sat, 04 Jun 2022 15:04:40 GMT )
Маусым 04, 2022 21:04 Asia/Almaty
  • Ирандық қыз Орта Азияның теннис жарысында жарқырай көрінді

Ирандық қыз Орта Азияның теннис жарысында жарқырай көрініп, екі қола жүлде алды.

Қазақстанның Алматы қаласында Орта Азия елдерінің ең үздік жас спортшыларының қатысуымен өткен теннис жарысында Шима Сафаи жеке және командалық бөлімде екі қола алды.

Командалық бөлімде Шима Сафаи Иранның ұлттық командасы құрамында Қырғызстан ұлттық командасынан басым түсіп, қола жүлде алды.

Жеке сайыста Шима Сафаи қазақстандық бәсекелесінен жеңіліп, қола жүлдені місе тұтты.   

Тегтер