Там 09, 2022 19:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Мысыр көпжақты әріптестікті нығайтуды қуаттады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Каирге іссапары аясында Мысыр басшыларымен кездесіп, екіжақты әріптестікті нығайту керегін қуаттады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукримен кездесуінде  екіжақты әріптестік мәселелері, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы және 2022 жылы 12-13 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің болашақтағы отырысын ұйымдастыруға қатысты тақырыптарды талқылады.

Тараптар 2022-2023 жылдар аралығында жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу бағдарламасы жайлы сұхбаттасты.

Тегтер