Қыр 29, 2022 23:17 Asia/Almaty
  • Ершади: Лаңкестік топтардың пайда болуы - Ауғанстан үшін үлкен қатер

ИИР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі əрі елшісі лаңкестік топтардың пайда болуын Ауғанстан, көршілес елдер, аймақ пен халықаралық қауымдастық үшін үлкен қатер деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстан туралы отырысында сөз сөйлеген Захра Ершади осы елде ДАИШ-ке қатысты лаңкестік топтардың пайда болғанын алаңдатарлық жағдай деп атап: "Ауғанстан үкіметі лаңкестікке қарсы күресуге жəне дипломатиялық орындарды қорғау үшін тиісті қадамдар жасауға міндеттеме алуы тиіс",-деді.

Ол: "Ауғанстан ДАИШ пен əл-Каида үшін жайлы жерге айналмауы керек",-деді. 

Захра Ершади: "Ауғанстандағы кейбір адамдар мен кешендерге қарсы санкциялар бұл елмен гуманитарлық жəне экономикалық даму салаларында ынтымақтастық жасауға кедергі болмауы тиіс",-деді.

Тегтер