Еуроаймақтың 19 елінде инфляция бұрын соңды болмаған деңгейге жетті
(last modified Fri, 30 Sep 2022 22:06:03 GMT )
Қаз 01, 2022 04:06 Asia/Almaty
  • Еуроаймақтың 19 елінде инфляция бұрын соңды болмаған деңгейге жетті

Еуро валютасын қолданатын еуропалық елдерде электр қуаты мен табиғи газ бағасы өскеннен кейін инфляция артты. Бұл қыста бір тоқыраудың болатынын көрсетеді.

Еуроодақтың статистикалық агенттігі жұма күні: "Еуроаймақтың 19 елінде тұтыну бағасы қыркүйек айында 10 пайызға артты. Тамыз айында 9,1 пайызға артқан болатын. Бір жыл бұрын еуроаймақта инфляция 3,4 пайыз болды. Бағалардың өсуі тұтынушылардың сатып алу қабілетін əлсіретеді",-деді.

Еуроаймақта бағалардың өсуі  1997 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетіп, рекорд жаңартты.Қымбат қуат көздері бағалардың өсуіне себеп болды. Бағалар өткен жылмен салыстырғанда 40,8 пайызға артты.

Шикізатпен қамтамасыз етуде туындаған қиыншылықтарға байланысты Ресейден табиғи газ тасымалдау көлемінің азаюы жəне əлем экономикасының COVID-19-дан əлі толық айықпауы салдарынан инфляция күшейе түсті.