Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысу үшін Астанаға аттанды
(last modified Thu, 13 Oct 2022 12:03:24 GMT )
Қаз 13, 2022 18:03 Asia/Almaty
  • Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысу үшін Астанаға аттанды

Иран Президенті жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға барды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси өзінің президенттік кезеңінде алғаш рет Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысады және бұл оның соңғы бір жылдағы тоғызыншы шетелдік сапары болып отыр.  

ИИР Президентімен бірге елдің Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Президент әкімшілігі басшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Мұхаммед Джамшиди Қазақстанға барды.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиты бейсенбі,  13 қазанда Қазақстанның елордасы Астанада өтті.

Қазақстан 2020-2022 жылдары CICA-ның төрағасы қызметін атқарып келеді.

Тегтер