Жел 07, 2022 20:50 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда ирандық технологиямен СЭС салынады

Иранның Энергетика министрі Тәжікстанда ирандық технологиямен СЭС салынатынын хабарлады.

Әли Акбар Мехрабиан Теһранда Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы ортақ комиссияның 15-ші отырысының жабылу рәсімінде: "Тәжікстандағы ең ірі электр стансалардың бірі – Рогун СЭС-і. Қазіргі таңда Иранның ірі компаниялары осы стансаның айтарлықтай бөлігін салу жұмыстарын өз мойындарына алған",-деді.

Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы ортақ комиссияның ирандық басшысы: "Иранның инженерлік-техникалық қызмет көрсету әлеуеті зор. Қазір таңда елде инженерлік-техникалық қызмет көрсетумен айналысатын 2000 компания бар",-деді.

Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы ортақ комиссияның 15-ші отырысы дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.  

Тегтер