Қаң 24, 2023 18:35 Asia/Almaty
  • Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы әлемнің ең үздік командасы атанды

Дүниежүзілік волейбол федерациясының мәлімдеуінше, Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы бұрынғыдай әлемнің ең үздік командасы деп танылды.

Дүниежүзілік отырып ойнайтын волейбол федерациясы әйелдер мен ерлер арасында ең үздік командалар тізімін жариялады. Иранның ерлер командасы 4500 ұпай жинап, бірінші орынға табан тіреді. Одан кейін Босния мен Герцеговина командасы 3920 ұпаймен екінші орынға, Бразилия 3673 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Мысыр, Германия, Қытай, Қазақстан, АҚШ, Украина мен Хорватия командалары сәйкесінше төртіншіден оныншы орынға жайғасты.

Иран командасы – әлемдегі ең үздік команда. Ол паралимпиаданың 9 кезеңінде 7 алтын, 2 күміс жүлде алды. 

Тегтер