Ақп 20, 2023 23:35 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Еуроодақтың қатынасы – Трамптың тиімсіз саясатының жалғасы

Иран Сыртқы істер министрі: "Еуроодақтың соңғы айлардағы қатынасы – АҚШ-тың бұрынғы президенті Трамптың тиімсіз саясатын жалғастыру",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан жексенбі күні Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельмен телефон арқылы сұхбаттасып, Иран халқының Ислам революциясы жеңісінің жылдығын тойлауға миллиондап қатысқанын айтып, Еуропадағы кейбір елдердің лаңкестікті қолдайтын топтарға демеушілік жасағанын қатты сынады.

Амир Абдуллахиан ИИР мен АҚХА-ның әріптестігін жалғастыру туралы: "Егер агенттік саяси емес, техникалық тұрғыдан әрекет ететін болса, мәселені шешу шеңберіне қол жеткізуге мүмкіндік бар",-деді.

Жозеп Боррель: "ИИР мен АҚХА арасындағы әріптестік барысында қол жеткізілген жетістіктерді ескеріп, мәселелерді ілгерілету үшін өзара диалог жалғасады",-деп үміт білдірді.  

Тегтер