Сәу 02, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Ереван мен Баку шекаралық аймақта келіссөз өткізді

Армения мен Әзірбайжан өкілдерінің отырысы шекаралық ауданда өтті.

Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжанмен арадағы шекарада атыс болып, екі адам қаза тауып, бірқатар адам жараланғанын хабарлағаннан бірнеше сағат өтпей жатып, осы отырыс өтетінін жариялады.

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде: "Армения мен Әзірбайжан Корнидзор және Сивник аудандарындағы шекаралық мәселелерді шешу үшін отырыс өткізеді",-деді.

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесі осы туралы: "Армения мен Әзірбайжан өкілдерінің қатысуымен Корнидзор ауданында өткен отырыста ортақ шекараны реттеу үшін жұмыс жасалатын болып келісілді. Бұл ауданның жағдайын айтарлықтай жақсартады. Отырыс нәтижесі халыққа жарияланады",-деді.

Армения мен Әзірбайжанның кейінгі қақтығыстары Лачин өткеліне қатысты болды. Лачин – Арменияны Таулы Қарабақтың орталығымен байланыстыратын жалғыз өткел.

Тегтер