Сәу 26, 2023 16:11 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі: Бейбітшілік пен тұрақты қауіпсіздік Мәскеудегі қорғаныс дипломатиясының мақсаттарының бірі болды

Иранның Қорғаныс министрі: «Ресей, Иран, Түркия және Сирия арасындағы төртжақты келіссөздер аймақта тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу маңызды мақсатпен өтті»,- деді.

Иран Қорғаныс министрі, бригада генералы  Мұхаммадреза Қараи Аштиани Сирия мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге арналған төртжақты кездесуге қатысу үшін Мәскеуге барды. Иран Қорғаныс министрі кездесуге қатысып, Ресей, Түркия және Сирия қорғаныс министрлерімен жеке келіссөздер өткізгеннен кейін: «Иран мен Ресейдің Түркия мен Сирия қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру талпынысы Мәскеудегі төртжақты кездесудің мақсаттарының бірі болды. ИИР екі көршілес және аймақтағы ықпалды ел ретінде Сирия мен Түркияның тікелей диалогына байсалды және екі елдің бірлескен күш-жігерін қолдайды»,- деп мәлімдеді. Бригада генералы Аштиани ИИР-ның аймақтық теңдеулерде ықпалды ел ретінде әрқашан аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік үшін аянбай еңбек еткеніне тоқталып: «Мәскеудегі төртжақты отырысқа Иранның қатысуы  осы мәселенің нақты мысалы болып табылады»,- деп айтты. 

Тегтер