Maм 25, 2023 17:01 Asia/Almaty

Ресей Президенті Владимир Путин сәрсенбі күні 11-ші халықаралық қауіпсіздік саммитінің ашылу отырысына арнаған бейне үндеуінде тәуелсіз елдерді әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақтылықты нығайту механизмінің жаңа архитектурасы үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды.

Ресей Батыстың бірполярлы жүйесі мен біржақтылығына қарсы екенін бірнеше рет жариялап, көпполярлық жүйе мен көпжақтылықты орнатуды сыртқы саясатының басымдығы етіп қойды. Батыстықтар АҚШ-тың басшылығымен қырғи-қабақ соғыстан кейінгі дәуірде халықаралық заңдар мен стандарттарға қайшы әрекеттер мен процедуралар жасап, ішкі істерге араласып, әскери шабуылдар жасап, ақырында әртүрлі сылтаулармен басқа елдерді басып алуды бастады. Осы арада Америка Батыстың көшбасшысы ретінде Джо Байденнің президенттігі кезінде еуропалық серіктестерінің басшылығын тағы да өз қолына алып, жаһандық көшбасшылыққа үміткер.

АҚШ-тың біржақтылығы Мәскеудің соңғы жылдары Вашингтонға қарсы көтерген ең маңызды сындарының бірі. Ресейдің көзқарасы бойынша, бұл американдық тәжірибе Қауіпсіздік кеңесінің міндеттерін бұзуға және халықаралық сахнада хаостың таралуына себеп болады. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ бастаған жаһандық бірполярлық жүйенің Ресей үшін қолайсыз екенін және бұл елдің мұндай жүйені ешқашан қабылдамайтынын баса айтты. Мәскеу ұзақ уақыт бойы сыртқы саясат саласында әлемде көпполярлық жүйе құруды басты мақсаты етіп қойды. Осыған байланысты Мәскеу халықаралық аренада, әсіресе Қытай сияқты дамып келе жатқан экономикалық державалармен және Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африка сияқты басқа да дамып келе жатқан экономикалармен, сондай-ақ Батыстын гегемонияға қарсы тұратын Иран мен Венесуэла сияқты елдермен халықаралық аренадағы өзара әрекеттестіктің деңгейі мен ауқымын арттыруға талпынуда.

Ресей мен көршілес елдердің көпжақтылыққа негізделген жаңа әлемдік тәртіпке және әлемде экономикалық күш пен саяси ықпалдың жаңа орталықтарын қалыптастыруға қатысты көзқарасы Батыстың мүдделеріне сәйкес келмейді. Осы себепті батыстықтар әрқашан күш-жігерін оның толық жүзеге асуына жол бермеуге жұмылдырды.

Тегтер