Еуроодақ Google компаниясына ауыр жаза қолданамыз деп ескертті
Маусым 15, 2023 18:23 Asia/Almaty
Alphabet Google компаниясы Еуропа комиссиясы тарапынан цифрлық жарнамаларға қатысты қызмет бөлімінде бәсекеге қарсы әрекеттер жасады деп айыпталды.
Google Еуропада монополияның алдын алу үшін өзінің коммерциялық қызметтерінің бір бөлігін сату үкіміне ұшырауы мүмкін. Жарнамалар – Google-ға табыс әкелетін ең ірі сала. Былтыр компания табысының 80 пайызға жуығын жарнама құрайды. Insider Intelligence зерттеу институтының мағлұматтарына сәйкес, әлемдегі жарнама нарығының төрттен бірінен көбі Google-ге тиесілі.