Шіл 29, 2023 17:58 Asia/Almaty
  • 16 жастан төменгілер арасында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатында Иран мен Өзбекстан командалары финалға шықты

Өзбекстанның волейбол командасы 16 жастан төменгілер арасында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатында Пәкістан командасын жеңіп, финалға шығып, Иранмен ойнайтын болды.

Өзбекстанның Ташкент қаласында 16 жастан төмен ұлдар арасында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатының жетінші күні, яғни жұма 28 шілдеде 5 кездесу болды.

Осы кездесулерде Моңғолия, Қазақстан, Жапония, Иран мен Өзбекстан командалары жеңіске жетті. Жартылай финалда Иран мен Өзбекстан командалары қарсыластарын жеңіп, 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып, финалға шықты. Олар жарыстың соңғы күнінде жеңімпаз атану үшін ойнайды.

Иран мен Өзбекстан командалары 16 жастан төменгілер арасында волейболдан Орта Азия чемпионатында және Азия чемпионатында үш рет бір-бірімен бетпе-бет келген болатын. Бүгінгі кездесу екі команданың соңғы екі аптадағы төртінші кездесуі болмақ.

Тегтер