Қыр 13, 2023 10:39 Asia/Almaty
  • Ливияның Ішкі істер министрлігі: Дернадағы су тасқынынан зардап шеккендер саны 5200-ден асады

Ливия парламенті тағайындаған үкіметтегі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл елдің шығысындағы Дерна қаласында дауыл мен су тасқынынан қаза тапқандар санының 5200-ден астам адам екенін баса айтты.

«Әл-Джазира» телеарнасының хабарлауынша, Тарик әл Хараз осы арнаға берген сұхбатында: «Дерна қаласындағы инфрақұрылым толығымен жойылды. Көшеде көлік жүргізу мүмкін емес. Дерна қаласында да телекоммуникация және электр желілері үзілген. Байланыс пен электр қуатын өшіру азаматтардың қолжетімділігін және көмек жеткізуді қиындатты»,- деді.

 

Тегтер