Қыр 30, 2023 19:51 Asia/Almaty
  • Армения Халықаралық соттан Таулы Қарабақ жанжалына араласуды сұрады

Әзірбайжан 2020 жылғы бітімгершілік келісімін бұзды деп айыптаған Армения Халықаралық соттан Таулы Қарабақ жанжалына араласуды сұрады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Армения Халықаралық соттан Әзірбайжанды  Таулы Қарабақтағы азаматтық орталықтардан шығаруды және БҰҰ-ның осы аймаққа кіруіне жағдай жасауды талап етті.

Ақпан айында бұл халықаралық ұйым Әзірбайжанға Лашын дәлізінен еркін өтуге кепілдік беруді бұйырды. Әзірбайжан ешқашан назар аудармаған бұл үкім Армения мен Әзірбайжан арасындағы құқықтық дауларға негіз болды.

Бакудің азаматтық нысандарға шабуыл жасамау туралы мәлімдемелеріне қарамастан, статистика Таулы Қарабақта тұратын әйелдер, балалар мен қарттардың қаза тапқаны және азаматтық нысандарға шабуыл жасалғанын  көрсетеді.

 

Тегтер