Қаз 06, 2023 17:23 Asia/Almaty
  • Экономикалық, саяси және қауіпсіздік қатынастарын дамыту Қалибаф пен БАӘ вице-президенті арасындағы кездесудің басты тақырыбы

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті әрі премьер-министрдің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесіп, экономикалық, саяси және қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

 

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту басты назарда болған бұл кездесуде экономикалық, саяси және қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту сынды мәселелер басымдық ретінде көтерілді.

Тасымалдау, туризм, ғылым мен технология және білім базасы салаларында үлкен экономикалық мүмкіндіктер бар болғандықтан, екі жақ сауда қарым-қатынастары мен бірлескен инвестицияны жеңілдетуге баса назар аударды.

Тағы бір маңызды мәселе Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды, оны Иран Ислам Кеңесінің төрағасы мен БАӘ вице-президенті баса айтып, елдердің экономикасы мен сауда қарым-қатынастарын дамыту қажет деп тапты.

 

 

Тегтер