Иран: Газада балалардың өлтірілуін қолдауды тоқтатыңыздар
(last modified Thu, 09 Nov 2023 12:32:26 GMT )
Қар 09, 2023 18:32 Asia/Almaty
  • Иран: Газада балалардың өлтірілуін қолдауды тоқтатыңыздар

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы G7 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында жасалған мәлімдемеге реакциясында: "Сионистік режимнің Газада балаларды өлтіруін қолдауды тоқтатыңыздар",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани бейсенбі күні G7 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесінде айтылған уәждерді терістеп, оларды негізсіз деп атап, қатаң айыптады.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы трансаймақтық елдердің болуын Батыс Азия аймағының тұрақсыздануының басты себебі деп атап, G7 тобының мәлімдемесінде Палестина мен Ливандағы қарсыласу топтарына қатысты айтылған уәждерге және Иранға жөнсіз талап қойғанына реакция білдіріп: "Иран Газада дағдарыс басталғалы бері сионистік режимнің әскери шабуылдарын тоқтатуға және қорғансыз тұрғындардың жанын аман алып қалуға талпынып келеді",-деді.   

Канани сондай-ақ Украина соғысы, зымырандық бағдарлама, ұшқышсыз ұшақтар, бейресми ойыншылар, теңіз қауіпсіздігі және су өткелдері тақырыптарында Иранға қарсы айтылған уәждерді негізсіз деп атап, мұны аталмыш елдердің саяси мақсаттарынан туындап отырған сөздер деп айтып: "ИИР-дың әскери доктринасында ядролық қаруға орын жоқ. Иранның ядролық бағдарламасы толығымен бейбіт мақсатқа арналған",-деді.

G7 тобы мен Еуроодаққа мүше елдер 8 қараша Токиода өткен отырыстардағы мәлімдемелерде Иранды айыптап, Теһран үкіметінен ХАМАС-ты қолдауды доғарып, олардың ойынша Батыс Азия аймағын тұрақсыздандыратын әрекеттер, соның ішінде Ливан Хизбулласы мен басқа бейресми ойыншыларды қолдаудан бас тартып, аймақта текетірестерді азайту үшін осы топтарға ықпалын пайдалануды сұрады.

Тегтер